378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы элиталы дивизионға жолдама алды

  • 184
  • UPD: 14:03, 07.05.2019
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы элиталы дивизионға жолдама алды

Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Соңғы жарыс күнінде Қазақстан Венгрияны оңай жеңіп, әлемдік сынның алтынын иеленді, деп жазады Olympic.kz. 

Ойынның 23-минутында Никита Михайлис есеп ашса, 41-минутта Антон Некряч көзге түсті. 45-минутта венгрлер жауап қайтарғанымен, 57-минутта Евгений Рымарев мергендігімен танылды. 

Осылайша Қазақстан командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетелік, Андрей Скабелканың шәкірттері кеше Беларусь құрамасын 3:2 есебімен ұтты. Бұл чемпионат барысында овертаймға дейін созылған жалғыз кездесу. Сондай-ақ, біздің құрама Оңтүстік Кореяны (4:1), Литваны (3:1) және Словенияны (3:2) жеңген болатын. 

Чемпионаттағы бес матчта жеңіске жетіп, 14 ұпай жиған Қазақстан командасы элиталы дивизионға жолдама алды. Сондай-ақ, турнирдің күмісін иеленген Беларусь құрамасы да жоғары дивизионға өтеді. 9 ұпай жинаған Оңтүстік Корея – үшінші орында. Төртінші орынды Словения, бесінші орында – Венгрия. Үш ұпайы бар Литва А тобынан сырт қалды. 

Хабар 24 телеарнасы