378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иван Иванов ядро лақтырудан Таиландтың ашық чемпионатында «алтын» алды

  • 282
  • UPD: 17:09, 21.05.2019
Иван Иванов ядро лақтырудан Таиландтың ашық чемпионатында «алтын» алды

Қазақстандық жеңіл атлеттер Thailand Open Track & Field 2019 халықаралық турнирін жақсы көрсеткішпен аяқтады.

Біздің спортшылар төрт алтын медаль жеңіп алған деп хабарлайды Olympic.kz. 

Таиланд ашық чемпионатындағы төртінші алтынды ядро лақтырушы Иван Иванов жеңіп алды. Ол 18.95 метр көрсеткішімен қарсыластарынан озып кетті. Екінші орында тайпейлік Ма Вей Хау (16.78), үшінші орында малайзиялық Мухамад Золкефли (16.71). 

Айта кету керек, Таиландтағы турнирге елімізден төрт спортшы аттанды. Бұған дейін Полина Иванова (сырықпен секіру), Мария Овчинникова (үш қарғып секіру) және Елизавета Матвеевалар (биіктікке секіру) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Хабар 24 телеарнасы