384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Месси алтыншы рет «Алтын бутсы» иегері атанды

  • 530
  • UPD: 13:51, 25.05.2019
Месси алтыншы рет «Алтын бутсы» иегері атанды Sportbox

Каталониялық «Барселона» футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси 2018/19 маусымында Еуропадағы ең үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша аргентиналық футболшы алтыншы рет «Алтын бутсы» иегері атанды. Бұл марапатты Еуропалық спорт басылымдары қауымдастығы үйлестіреді. Осы маусымда Испания чемпионатында 34 ойынға қатысқан Месси 36 гол салып, 13 нәтижелі пас шығарған. Ол Ла лигада сұрмерген және үздік ассистент атанды.

Маусымды қорытындылай келе, Мессиге осы марапатқа таласуға француздың ПСЖ командасының сұрмергені Килиан Мбаппе бәселекес болған, ол 33 гол салған.

Хабар 24 телеарнасы