382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда күнінде өтетін бокс кешіне билеттер сатыла бастады

  • 246
Елорда күнінде өтетін бокс кешіне билеттер сатыла бастады

Титулды жекпе-жек өткізетін және бұрын жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың қатысуымен болатын кәсіби бокс кешінің билеттері сатылымға шықты.

Айтулы оқиға елорда күні қарсаңында, яғни 6 шілдеде «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді. 

Айта кетейік, бокс кешінде чемпиондық титулдың тағы бір жекпе-жегі өтеді. Тарихи оқиғаның ұйымдастырушылары – MTK Global және Top Rank промоутерлік компаниясы.

Ал кешті американдық ESPN кабельдік спутниктік телеарна өзінің 100 миллион көрерменіне тікелей эфирде көрсетеді, сондай-ақ iFL TV арқылы таратылады.

Бұл күні рингке әлемдік бокстың жұлдыздары Нордин Оубаали мен Дэвид Оливер Джойс шығады. Олар тиісінше жеңіл салмақтағы WBC нұсқасы бойынша чемпиондық атағын және жартылай жеңіл салмақтағы WBO бойынша Еуропа чемпиондығын қорғайды.

Сонымен қатар Сұлтан Заурбек, Виктор Коточигов, Әли Балоев, Әбілқайыр Шегалиев, Нұртас Ажбенов, Абай Төлеш секілді еліміздің үздік боксшылары шаршы алаңда жұдырықтасады.

Хабар 24 телеарнасы