389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл клубтар арасындағы әлем чемпионаты Катарда өтеді

  • 314
  • UPD: 13:44, 04.06.2019
Биыл клубтар арасындағы әлем чемпионаты Катарда өтеді

Биыл және келер жылы клубтар арасындағы әлем чемпионаты Катарда өтеді. ФИФА кеңесі осындай шешім шығарды.

Желтоқсан айындағы турнир 2022 жылғы дүниежүзілік біріншілік қарсаңындағы дайындық кезеңі болмақ. Аталған жарысқа әр құрлықтың мықтылары қатысады. Жеті команданың басын қосатын турнирде УЕФА және Азия чемпиондар лигасының жеңімпаздары мен Либертадорес кубогының иегері сынға түседі.

Хасан Әл-Тавади, «Катар-2022» комитетінің бас хатшысы:

- Біз өз жерімізде клубтар арасындағы әлем чемпионатын қабылдайтынымызға қуаныштымыз. Бұл біздің дайындық деңгейімізді байқауға тамаша сынақ болмақ. Турнирді ұйымдастыру арқылы әлем чемпионатында алға қойған жоспарларымызды бір пысықтап аламыз.

Хабар 24 телеарнасы