384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футболдан Азия кубогы Қытайда өтеді

  • 113
Футболдан Азия кубогы Қытайда өтеді

Футболдан 2023 жылғы Азия кубогы Қытайда өтеді.

Бұл жайында Азия конфедерациясының Париждегі конгресінде хабарланды. Қытай елі құрлықтағы доп додасын екінші мәрте қабылдайды. Алғаш рет олар 2004 жылы өз жерінде Азия кубогын ұйымдастырған болатын. 18-ші Азия чемпионаты Қытайдың 12 қаласында өтеді. Жарыс қожайындары құрлық сайысына су жаңа тоғыз стадион салуды жоспарлап отыр. Биыл Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Азия кубогына алғаш рет құрлықтың 24 мемлекеті қатысты.

Хабар 24 телеарнасы