389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карина Құзғанбаева әлем чемпионатында «алтын» жеңіп алды

  • 412
  • UPD: 13:15, 06.06.2019
Карина Құзғанбаева әлем чемпионатында «алтын» жеңіп алды

Суве (Фиджи) жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстан қоржынына Карина Құзғанбаева алтын медаль салды, деп хабарлайды Olympic.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Каринаға ешкім тең келмеді. Алтын медальды 224 келіге (98+126) нәтижесімен жеңіп алды. Сонымен қатар Карина «кіші» алтын медаль жұлқа көтеруден және тағы біреуін серпе көтеруден иеленді.

Күміс жүлде кореялық Хен Чжу Чжанға бұйырды. Спортшы 221 келі (97+124) нәтиже көрсетті. Үшінші орынға ресейлік Екатерина Визгина табан тіреді. Бойжеткен 206 келі (93+113) нәтижесімен «қола» жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін чемпионаттың күміс медалін Артем Антропов қанжығаға байлаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы