384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде әскерилер нысана көздеуден жарысты

  • 202
Ақтөбеде әскерилер нысана көздеуден жарысты

Ақтөбеде әскерилер арасында нысана көздеуден жарыс басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикалық ұлттық ұлан бас қолбасшылығы ұйымдастырған турнирге 70-тен астам маман қатысуда. Үш күнге созылатын турнир әскерилердің біліктілігін арттыруға септігін тигізеді. Ал жарыс негізінен осыдан үш жыл бұрын Ақтөбеде болған лаңкестік оқиға кезінде, қаза тапқан әскери қызметшілердің ерлігі мен қайсарлығын дәріптеуге арналған. 2016 жылы 5 маусым күні қаладағы екі бірдей қару-жарақ дүкенін тонаған қаскөйлер, кейін әскери бөлімге шабуыл жасаған еді. Салдарынан екі офицер мен қатардағы бір жауынгер қаза тауып, алтауы жарақаттанған болатын.

Ерлан Баимбетов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы:

– Бұл спартакиада жоспарына сәйкес өтіп жатыр.  Жекпе-жек, Президенттік көпсайыс, самбо жарыстары өтті. Және де Алматы облысында Қаракемер кентінде әскери бес сайыс және Ұзынағаш кентінде регбиден жарыс өтеді.

Хабар 24 телеарнасы