383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің дзюдошылары Азия чемпионатынан 5 медаль жеңіп алды

  • 156
  • UPD: 22:54, 08.07.2019
Еліміздің дзюдошылары Азия чемпионатынан 5 медаль жеңіп алды

Макаода дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Қазақстан командасының еншісінде бес медаль бар. Біздің спортшылар бір алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Алтын жүлдені 90 келідегі Мұхаммедали Мавлидов иеленсе, Айдар Арапов (81 келі) пен Жұрғамыр Шүкірбеков (+100 келі) күміске қол жеткізсе, Мадина Парағұлова (+78 келі) қола медаль иеленді. Айта кетелік, кадеттер арасындағы Азия чемпионатынан біздің спортшылар 24 медаль жеңіп алды.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы