389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» командасы Румыния футболшыларымен қарымта матч өткізеді

  • 334
  • UPD: 13:28, 16.07.2019
«Астана» командасы Румыния футболшыларымен қарымта матч өткізеді

«Астана» футболшылары «ЧФР Клуж» командасынан қарсы УЕФА чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарымта матчын өткізеді.

Роман Григорчук шәкірттері апта бұрын «Астана Аренадағы» ойында 1:0 есебімен жеңіске жеткені белгілі. Енді елордалықтар Клуждегі қарымта сында қажетті нәтижені сақтап қалуға тырысады. Дүйсенбі күні «Астана» футболшылары Румынияға жетіп, жауапты ойынға дайындықтарын пысықтап жатыр. Бас бапкер бұл кездесуге 21 футболшы апарды. Олардың арасында Марин Аничич те бар. Орталық қорғаушы жарақатына байланысты алғашқы ойынға қатысқан жоқ. «ЧФР»-«Астана» матчы ертең Астана уақытымен түнгі он екіде басталады.

Венгрия астанасы Будапештте семсерлесуден әлем чемпионаты басталды. Ерлер арасындағы іріктеу сайысында Қазақстандық Бақдәулет Құралбекұлы мен Илья Мокрецов келесі кезеңге шықты. Енді Бақдәулет олимпиада чемпионы Оңтүстік Кореялық Ку Бон Гилмен сынға түссе, Мокрецов француз Апити Боладпен кездеседі. Семсерлесу 18-ші шілдеде өтеді. Спорт әлеміндегі өзге де жаңалықтар алдағы топтамада.

Елордада теннистен Президент кубогы басталды. Еліміздегі ең айтулы сынның жүлде қоры 215 мың долларды құрайды. Биылғы жарысқа 25 елдің теннисшілері келді. Олардың арасында Қазақстанның да үздіктері бар. Біздің жігіттер арасында алғашқы болып жарысқа Дастанбек Ташболатов пен Бейбіт Жұқаев жарысқа араласқан. Алайда екеуі де алғашқы айналымнан өте алмады. Жұқаев чехиялық теннисшіге есе жіберсе, Ташболатов жапониялық Шиуци Секугициден жеңіліп қалды. Есеп:3:6, 1:6. Бүгін жарыс жолына Андрей Голубев пен Денис Евсеев шығады. Голубев Израиль теннисшісі Эдан Лешаммен кездессе, Евсеев чехиялық Михал Врбенскимен ойнайды. Президент кубогының иегері жексенбі күні белгілі болады.

«Тур де Франс» көпкүндігінің 10-шы кезеңі «Астана» велокомандасы үшін сәтті өткен жоқ. Команда капитаны Якоб Фульсанг жарыс кезінде топ басындағы көшбасшылардан қалып қойды. Даниялық велоспортшыға Алексей Луценко да көмектесуге ұмтылған еді. Алайда Қазақстандық команданың өкілдері басты қарсыластарын ұзатып алды. «Астаналықтар» жеңімпаздан 1 минут 40 секунд ұтылып, кезеңді 50-шы болып аяқтады. 217 шақырымға созылған 10-шы кезеңде бельигялық Ваут ван Арт жеңіске жетті. Жалпы есепте француз Жулиан Алафилипп топ бастап келеді. Екінші орынға британиялық Герайнт Томас көтерілді. Колумбиялық Эган Берналь да үздік үштіктің қатарына шықты. «Астаналық» Якоб Фульсанг 16-орынға сырғыды.  

Уэльс құрамасының жартылай қорғаушысы Аарон Рэмси «Ювентусқа» келді. Футболшы Туриндік клубпен ақпан айында келісім-шарт жасасқан болатын. Рэмси соңы 11 жыл бойы «Арсенал» сапында тер төкті. Лондон командасында 369 матчқа қатысқан ойыншы 64 гол соғып, 62 нтәижелі пасымен көзге түсті. Жартылай қорғаушы «Ювентусқа» ауысқанына риза екенін мәлімдеді. Тіпті өзге ұсыныстардан бас тартып, бірден Италия чемпиондарын таңдағанын жеткізді. Рэмси бас бапкер Маурицио Сарримен де жүздесіп, жаттықтырушының жылы лебізін естіді. 28 жастағы футболшы жарақатынан әлі толық жазылған жоқ. Сондықтан оның командамен бірге Азия елдеріндегі оқу-жаттығу жиындарына бару-бармауы әлі белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы