386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «ЯРКОкросс» жүгіру фестивалі өтті

  • 161
  • UPD: 18:45, 20.07.2019

Елордадағы Триатлон паркі түрлі түске боялды. Мұнда ЯРКОкросс жүгіру фестивалі өтті.

Жарысқа қатысушылар әдеттегідей 5 шақырымды жүгіріп өтеді. Жол бойы оларға түрлі түстегі бояу шашылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бояу адам денсаулығына зияны жоқ. Ол жүгері крахмалынан әзірленген. Сондықтан дәмін татуға да болады. Биыл жарыс жетінші рет ұйымдастырылды. Дегенмен, алғаш рет мәреге бірінші келгендер ескерткіш медальмен марапатталды.

Остап Скороход, фестивальге қатысушы:

- Мен үшін өте ерекше күн болды. Дос қызымның шақыруымен фестивальға биыл алғаш рет қатысып тұрмын. Бұрын Үндістанда осындай дәстүр бар екенін білетінмін. Енді оны өз көзбен өріп ерекше әсер алып тұрмын.

Хабар 24 телеарнасы