386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


УЕФА: Қазақстан бір саты жоғарылады

  • 159
УЕФА: Қазақстан бір саты жоғарылады footballhd.kz

Бүгін түнде елордалық «Астана» футбол клубы Андоррада Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінің аясында жергілікті «Санта-Коломой» командасымен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Тең есеппен аяқталған ойында гол салынған жоқ. Қарымта матч 1 тамызда Нұр-Сұлтанда өтеді.

Еурокубоктың кезекті ойын күнінен кейін Қазақстан УЕФА-ның коэффициенттер кестесінде бір саты көтеріліп, соңғы бес маусымның 17,500 нәтижесімен 24-орынға табан тіреді. Беларусь елінде де дәл осындай коэффициент. 23-орынға Израиль орналасты (18,125).

Еске салайық, қазақстандық өзге де командалар ертең Еуропа лигасындағы матчтарын өткізеді. «Ордабасы» Чехияда «Млада-Болеслав» клубымен, ал «Қайрат» Израиль елінде Беэр-Шевадан келген «Хапоэль» командасымен кездесетін болады.

Хабар 24 телеарнасы