386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Спорт – адамзат баласын біріктіретін ұлы күш – Синдзо Абэ

  • 119
  • UPD: 08:44, 25.07.2019

Отыз екіншіі  жазғы Олимпиада ойындарының ашылуына тура бір жыл қалды. Осыған орай Токиода 2020 жылғы Олимпиада медальдерінің үлгісі назарға ұсынылды.

Айта кетерлігі, оларды дайындау кезінде Күн шығыс елінің түкпір-түкпірінен жиналған алты миллионнан астам гаджеттің металы қолданылды. Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бахтың айтуынша, Жапония әлемнің басты спорт додасына дайын. Ойындар бағдарламасына 33 спорт түрі енген. Олимпиада аясында бейсбол, софтбол, карате, скейтбординг пен серфингтен спортшылар тұңғыш рет сайысқа түседі.

Синдзо Абе, Жапонияның Премьер-министрі:

- Спорт – барлығызды бір ортаға біріктіріп, ортақ мүмкіндіктерді ұсынатын  ұлы күш. Оның түпкі мәні де осында жатыр.  Біз бұны 55 жыл бұрын, Олимпиада ойындарын өткізген кезде жақсы түсіндік. Келесі жылы да осына тағы бір рет  дәлелдегіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы