386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада 23 жастағы боксшы жекпе-жектен кейін көз жұмды

  • 178

23 жастағы аргентиналық Уго Сантильян жекпе-жектен соң көз жұмды.

Бұл – осымен апта ішінде тіркелген екінші жағдай.

20 шілде күні Уго Сантильян уругвайлық Эдуардо Хавьер Абреумен Сан-Николастағы шаршы алаңда кездесті. 10 раундық бокс бәсекесінде тараптардың ұпайы тең түсті, алайда Угоның кенет аяқтары тәлтіректеп, рингте құлады, деп жазады Daily Mail. сайты

Былғары қолғап шебері бүйрек жеткіліксіздігінен комаға түскен. Оның үстіне қанның ұйып қалуы салдарынан миына операция жасауға тура келген. Десе де дәрігерлер оның  өміріне араша түсе алмады. Спортшының 2 рет жүрегі тоқтап, ақыры 25 шілдеде көз жұмды.

Уго Сантильянның кәсіби рингтегі қадамы 2015 жылы басталған. Осы аралықта ол 19 рет жеңіске жетіп, 8 қарсыласын нокаутқа жықты. 6 айқаста тең түсіп, 2 рет жеңіліс тапты.

Бұл жайт күллі бокссүйер қауымды дүрсілкіндірді.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын рингте алған жарақатынан 28 жастағы Маким Дадашев қайтыс болған еді.

Аударған: Назерке Тоқжан

Хабар 24 телеарнасы