386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәсіпқой боксшы Н.Жаңабаевтың кезекті кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

  • 117
  • UPD: 12:53, 06.08.2019

Қазақстандық Нұрсұлтан Жаңабаев 14 тамыз күні кәсіпқой бокстағы кезекті кездесуін өткізеді.

Жартылай орта салмақтағы жерлесіміз Аустралия төрінде жергілікті Стив Гагомен жолығады. Ол бүгінге дейін дейін 11 жекпе-жекке қатысып, 11-інде де жеңіске жеткен. Ал Нұрсұлтанның көрсеткіші 7 жекпе-жек, 7 жеңіс. Бұған қоса WBA INTER-CONTINENTAL чемпиондық белдігінің иегері. Сиднейдегі бәсекеде ол осы дәрежесін қорғауы керек. Сонымен қатар жеңімпазға WBO тұжырымының арнайы белдігі де берілмек. «Сүлеймен» промоушын қанатының астында өнер көрсететін Нұрсұлтан қазір Алматыда соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр және бірер күннен кейін Австралияға аттанады.

Нұрсұлтан Жаңабаев, кәсіпқой боксшы:

- Толық жақсы дайындалуға уақытымыз жеткілікті. Қазір тынбай жаттығу, еңбек, құдай қаласа елімізге бір жеңіс сыйлап, белбеуімізді қорғап қайтамыз деген үлкен сенім бар.

Хабар 24 телеарнасы