386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкинмен трилогиядан бас тартқан «Канело» келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады

  • 164
  • UPD: 18:35, 20.08.2019
Головкинмен трилогиядан бас тартқан «Канело» келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады

Орта және екінші орта салмақта чемпион мексикалық Сауль «Канело» Альварес (52-1-2, 35 КО) келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін жаттығу залына оралды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшы Instagram желісіндегі парақшасында жаттығып жатқан сәті түсірілген видеоны жариялады.

Айта кетейік, «Канелоның» рингке оралуы қарашаға белгіленген. Дегенмен, мексикалықтың қарсыласы мен жекпе-жек өтетін орны анықталған жоқ.

Сонымен бірге, Альварес жартылай ауыр дивизионда WBO чемпионы Сергей Ковалев (33-3-1, 28 KO) пен британиялық Энтони Ярдпен (18-0, 17 КО) 24 тамыз Ресейде өтетін жекпе-жегінің немен аяқталарын күтуде. Ресейлік жеңсе, Альварес онымен жартылай ауыр салмақта жұдырықтаспақ.

Хабар 24 телеарнасы