385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


AVANGAR – StarLadder Berlin Major 2019 турнирінің финалында

  • 116
  • UPD: 21:47, 08.09.2019
AVANGAR – StarLadder Berlin Major 2019 турнирінің финалында prosports.kz

Қазақстандық команда Германиядағы киберсайыстың гранд финалына шықты.

Кеше біздің спортшыларымыз австралиялықтарды 2:0 есебімен жеңіп кетті. Ойын тартысты болды. Зал жергілікті жанкүйерлемен бірге Нұр-Сұлтан, Алматы, Прагадан келген қолдаушыларға толы болды.

Айта кетейік, Берлинде өтіп жатқан белді сайысқа әлемнің ең озық 24 командасы қатысуда. Яғни жер жүзінен жиналған ең мықты 120 ойыншы бақ сынасуда. Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат түнгі 22:00-де біздің киберспортшыларымыз шешуші сайысқа қатысып, чемпион атағы үшін күреседі. Қазақстандықтар сәтін салып 1-орынды иеленсе, жарты миллион доллар ақшалай сыйлыққа ие болады.

Дастан Ақбаев, «AVANGAR» командасының жаттықтырушысы:

– Біз осы финалға жету үшін 10 команданы жеңіп шықтық. Олардың арасында 2 француз құрамасы бар. Шешуші сайыста даниялықтармен немесе америкалықтармен күш сынасатын боламыз. Олар өте мықты. Бірақ бұл – финал. Сондықтан бар күшімізді салатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы