389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетел басылымы: Сергей Головкинді ұпай санымен жеңеді

  • 627
Шетел басылымы: Сергей Головкинді ұпай санымен жеңеді Prosports.kz

Украиналық белді басылым Sports.ua 6 қазан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтетін Геннадий Головкин (39–1–1, 35 KO) мен Сергей Деревянченко (13–1, 10 KO) жекпе-жегіне өз болжамдарын жасады, деп хабарлайды Prosports.kz

Басылым қос боксшының жүрген жолдарына көз жүгіртіп, қазақстандық боксшының аса тәжірибелі екенін мойындады. Алайда жерлестерінің жеңіс тойын тойлап, IBF және IBO нұсқалары бойынша бәске тігілген қос белбеуді белге байлайтынына сенім білдірді: 

 - Головкин - жекпе-жектің фавориті. Бірақ жоғары деңгейдегі жекпе-жекте бұл маңызды рөл атқармайды. Оны жақында Энтони Джошуаны жеңген Энди Руиз айқын дәлелдеп берді. Геннадий қарсыласынан гөрі тәжірибелі, 4 см жоғары, ең мықты нокаутшы. Бірақ ол Сергейден бірнеше жас үлкен. Бұл - минус. Деревянченконың басылымдықтары: физикалық күші, қарқыны, төзімділігі, жасы. Оның «Техник» деген лақап аты бар екендігі бекер емес. Украиналық боксшы бәрін таң қалдырады деп үміттенеміз, - деп жазды басылым.

Хабар 24 телеарнасы