424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тараздық жеткіншектер «Реал Мадрид» клубымен кездесуге аттанды

  • 811
Тараздық жеткіншектер «Реал Мадрид» клубымен кездесуге аттанды

Қазақстанда балалар үйі және мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасындағы футбол чемпионатының жеңімпаздары Мадрид қаласына, әлемге танымал «Реал Мадрид» футбол клубымен кездесуге аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл турнирде «Тұлпар» командасы жеңімпаз атанды. Олар –11-14 жас аралығындағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар. Қазір жеткіншектер Тараз қаласындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында тәрбиеленіп жатыр. Балалардың Испанияға сапары «Реал Мадрид» футбол клубымен кездесумен есте қалады. Сонымен қатар олар Испания королінің сарайына, «Сантьяго Бернабеу» стадионы мен мұражайына, Қазақстанның Испаниядағы консулдығына саяхаттайды. Сапар 27 қазанға дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, 10-13 қыркүйекте Алматы қаласында Испаниядағы үздік клубтардың бірі - «Реал Мадрид» футбол клубымен кездесу үшін балалар үйі мен мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасында 12 мықты команда өзара бақ сынасты. Жалпы, жоба бойынша 300-ге жуық футболшы баланың атынан өтінім қабылданды.

«Чемпионаттың басты мақсаты – балаларды ынталандыру және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетімдер арасында талантты футболшыларды дамыту. Біздің қор бірнеше жыл қатарынан осындай бұқаралық спортты дамытуға көмек көрсетіп жатыр. Мәселен, бүкіл ел бойынша қазіргі заманғы спорт және балалар ойын алаңдарын орнату бойынша жоба іске асырылуда, дарынды балаларға жол гранттары үлестірілуде, республикалық жазғы спартакиада өтті», – дейді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Мирас Иргебаев.

«Арманыңа жақында» чемпионатының ұйымдастырушысы - «BAURZHAN» қайырымдылық қоры, бас әріптес – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Хабар 24 телеарнасы