388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азия чемпионатына баратын құрам анықталды

  • 263
Азия чемпионатына баратын құрам анықталды

7 қараша күні садақ атудан Қазақстан командасы Таиландта оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Ал 21 қараша күні лицензиялық Азия чемпионаты басталады.

Осы орайда Қазақстан командасының бас бапкері Григорий Ким құрлық додасына қатысатын спортшылар есімін атады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Азия біріншілігінде Қазақстан атынан мына спортшылар бақ сынайды:

классикалық садақ ату, ерлер: Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев, Денис Ганькин, Сұлтан Дүзелбаев;

классикалық садақ ату, әйелдер: Алина Ильясова, Фарида Тукебаева, Анастасия Баннова, Гауһар Игібаева;

блоктық садақ ату, ерлер: Ақбарәлі Қарабаев, Рүстем Қарабаев, Сергей Христич, Бунед Мирзаметов;

блоктық садақ ату, әйелдер: Диана Макарчук, Адел Жексенбинова, Мария Өмірзақова, Виктория Лян.

«Азия чемпионатына дайындықтың негізгі кезеңі Таиландтағы оқу-жаттығу жиындарында басталады. Бұл додада ерлер командасының алдына қойылған басты мақсат – медаль алу. Өйткені классикалық садақ атудан Қазақстан командасында Олимпиада жолдамасы бар. Ал қыздар командасы лицензияға таласады.

Атап айтар болсақ, Алина Ильясова, Анастасия Баннова және Фарида Тукебаевалар жолдамадан үмітті», – дейді бас бапкер Григорий Ким. 

Хабар 24 телеарнасы