388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Бақбергенова күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

  • 160
  • UPD: 15:48, 02.11.2019
М.Бақбергенова күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Венгрия астанасы Будапештте күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Мәдина Бақбергенова қола жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

65 келі салмақта белдесетін Мәдина қола медаль үшін өткен кездесуде Беларусь спортшысын 3:0 есебімен ұтты. 72 келіде белдескен Жәмила Бақбергенова ресейлік спортшымен 6:6 есебімен тең түскен еді. Алайда әдіс сапасы жөнінен қарсылас үздік болып шықты.  57 келіде қолаға таласқан Алтынай Сатылған канадалық спортшыға 2:5 есебімен жол беріп, үздік бестікке енді.

Хабар 24 телеарнасы