Кубалық ауыр салмақтағы дзюдошы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, «Әлем Барысы» Рене Брайсон Видал Кубада қазақ күресі секциясын ашты.
Рене желтоқсанның 15-16 күндері Ақтөбеде өтетін Әлем чемпионатына өз командасымен келеді, деп хабарлады Қазақ күресінің баспасөз қызметі.
Бүгінде ол өз Отанында осы спорт түрін белсенді дамытуда. Оның айтуы бойынша, қазақ күресі – ең тартымды және болашағы жарқын спорт.
«Маған қазақ күресі ұнайды. Техникалары дзюдоға ұқсас келеді. Менің ойымша, қазақ күресінің әлеуеті зор», - дейді Оскар Рене Брайсон Видал.
Кубалық Оскар Рене бірнеше жыл бұрын «Әлем Барысына» қатысып, финалда әдемі әдісімен чемпион атанған еді.