377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте үздік спортшылар марапатталды

  • 168
  • UPD: 23:27, 30.12.2019
Шымкентте үздік спортшылар марапатталды

Шымкентте алғаш рет «Жыл көшбасшысы» атты жыл қортындысына арналған шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған ескек есу және желкен спорты қауымдастығы ұйытқы болды. Бұл күні жетістікке жеткен спортшылар, жаттықтырушылар мен су спорты түрлерінен дәріс беретін шеберлер марапатқа лайық деп танылды.

«Ең үздік спортшы» атағы Инна Клиноваға бұйырды. Ол ұлттық құрама команданың белді мүшесі. Инна келер жылы өтетін Азия чемпионатына дайындықты бастап та кеткен. Азияны бағындырар болса, Олимпиада жолдамасын қоса жеңіп алады. «Жыл көшбасшысын» марапаттау шарасында 11 сайыпқыранға әр түрлі дәрежедегі атақтар табыс етілді.

Денис Жарменов, облыстық ескек есу және желкен спорты қауымдастығының төрағасы:

- Бұл жыл бізге табысты болды деп айта аламын. Ең әуелі біздің спортшылар республикалық сайыстарға, сосын V Жазғы спартакиадаға қатысып6 жеңімпаз атанды. Еліміздің бірнеше қаласында жаттығу өткіздік. Ал жыл бойына 52 медальді қанжығамызға байладық. Бұл үлкен жеңіс дер едім.

Хабар 24 телеарнасы