376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келесі қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ниетті қалалар белгілі болды

  • 139
  • UPD: 12:12, 12.01.2020
Келесі қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ниетті қалалар белгілі болды

Саппоро, Солт-Лейк-Сити, Барселона. Дәл осы үш қала 2030, 2034, 2038 жылдары өтетін қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ниет білдірген.

ХОК-тың келешек Олимпиада ойындары жөнінен комиссиясының төрағасы Октавиан Морариу осылай мәлімдеді.

Жапонияның Саппоро қаласы 1972 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдаған тәжірибелі мекен. Бұл үміткердің 2030 жылғы ойындарды қабылдау ықтималдығы жоғары.

Ал Солт-Лейк-Сити және Барселона болса, техника-экономикалық тұрғыдан ауқымды спорттық шараны қабылдауға қабілетті қалалар ретінде танылып қойған.

Olympic.kz

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы