425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шеремета Головкинмен жекпе-жекке дайындықты бастады

  • 759
  • UPD: 15:32, 17.01.2020
Шеремета Головкинмен жекпе-жекке дайындықты бастады

Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жекке дайындық жоспарын жариялады, деп жазды Prosports.kz.

Бұл туралы спортшының жаттықтырушысы Федор Ляпин TVP-ге берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, Шереметаның жаттығу лагері Испанияның Бенидорм қаласының маңында орналасқан. Боксшы ол жерге 20 қаңтарда аттанады.

Головкин – Шеремета жекпе-жегі 28 наурызда Чикагодағы Wintrust Arena спорт кешенінде өтеді деп жоспарланып отыр. 

Алайда бұған дейін Головкиннің IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы Шереметамен жекпе-жегі 28 наурызда өтпей қалуы мүмкін екені айтылған. Сарапшылар бұл кездесудің сәуір не мымыр айында өтуі мүмкін екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы