376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» хоккейшілері «Металлургті» жеңді

  • 86
  • UPD: 23:32, 16.01.2020
«Барыс» хоккейшілері «Металлургті» жеңді

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі ойында қос команданың да белсенділігі айқын аңғарылып тұрды. Бірінші кезең тартысты өрбіді. Десе де қос команда да бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Алғашқы гол ойынның 29-минутында соғылды. Бұл сәтте «Барыс» сапынан Линус Виддель мергендік танытты. Ал 34-минутта елордалық хоккейші Даррен Диц есепті үстемелей түсті. Ойынның 39-минутында ресейлік Андрей Нестрашил есеп айырмасын қысқартты. Үшінші кезеңде елордалық хоккейшілер сәтті бастады. Кездесудің 42-минутта «Барыс» хоккейшісі Корбан Найт «Металлург» қақпасын дәл көздеді. Оның әріптесі Роман Старченко да 45-минутта қанжығасын майлады. Андрей Нестрашил 49-минутта бүгінгі кездесудегі екінші шайбасын соқты. Ал 56-минутта «Металлург» сапынан Виктор Антипин мергендік танытты. Бұдан кейін ресейлік клуб таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен ол мақсатына жете алған жоқ. Осылайша елордалық клуб қарсыласын 4:3 есебімен тізе бүктірді. «Барыс»қатарынан үш мәрте жеңіске жетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы