418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2021 жылғы жабық ғимараттағы Азия ойындарын Таиланд қабылдайды

  • 248
  • UPD: 11:15, 28.04.2020
2021 жылғы жабық ғимараттағы Азия ойындарын Таиланд қабылдайды olympic.kz

Азия Олимпиада кеңесі 2021 жылғы жабық ғимараттағы жауынгерлік өнер және Азия ойындарын Таиландта өткізетін болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алтыншы Азия ойындарын Бангкок және Паттайя қалалары қабылдайды. Жарыста спорттың 24 түрінен жүлде таратылады.

Айта кетелік, жабық ғимараттағы ең алғашқы Азия ойындары 2005 жылы Бангкокте өткен болатын. 

«2021 жылғы жабық ғимараттағы Азия ойынларын Таиланд жоғары дәрежеде өткізеді деген сенімім мол. Әлемде қандай жағдай болса да, біз спорт күнтізбесін әрі қарай жалғастыру үшін жұмыс істеудеміз. Жабық ғимараттағы алтыншы Азия ойындарын ұйымдастырушыларға сәттілік тілеймін», – дейді Азия Олимпиада кеңесінің президенті.

Хабар 24 телеарнасы