417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футбол: Қазақстан чемпионаты қайта жанданды

  • 185
Футбол: Қазақстан чемпионаты қайта жанданды

Үш айға созылған үзілістен соң футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жанданды, деп жазады Prosports.kz.

Алматыда өткен матчта «Қайрат» Талдықорғаннан келген «Жетісу» командасынан айласын асырды. Жергілікті команданың сапынан Камо Оганесян, Конрад Вжесиньский мен Артур Шушеначев көзге түсіп, «Қайрат» 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Биыл Премьер-лигаға оралған «Қызыл-Жар» өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдады. Есепті қонақтар сапынан Жасұлан Молдақараев ашқанымен, артынша «Қызыл-Жар» қарсыласының қақпасына үш гол соқты.

Қостанайдың «Тобылы» қосалқы құраммен келген «Каспийді» оңай жеңді. Негізгі құрамның ойыншылары ауырып қалғандықтан жас футболшыларын алаңға шығарған «Каспий» 2:0 есебімен ұтылды. Екінші таймда «Тобылдың» сапынан Азат Нұрғалиев пен Оралхан Өміртаев көзге түсті.

Хабар 24 телеарнасы