423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Манчестер Юнайтед» Еуролиганың жартылай финалына шықты

  • 207
  • UPD: 11:09, 11.08.2020
«Манчестер Юнайтед» Еуролиганың жартылай финалына шықты

Кәрі құрлықта аладоп аламаны қыза түсті. Еуропа Лигасының ширек финалына шыққандар арасындағы алғашқы матчтар өтті.

Мәселен, «Манчестер Юнайтед» даниялық «Копенгаген» клубымен жолығып, жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды Бруну Фернандеш соқты. Ол 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Осылайша англиялық клуб Еуропа лигасының жартылай финалына жолдама алды. Бұған қоса Италияның «Интері» де жарысты жалғастырады. Ол ширек финалда Германияның «Байерімен» жолыққан еді. Матч алғашқысының жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп: 2:1.

Хабар 24 телеарнасы