424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барселона» Куманның бас бапкерлікке тағайындалғанын растады

  • 179
  • UPD: 16:20, 19.08.2020
«Барселона» Куманның бас бапкерлікке тағайындалғанын растады Спорт-Экспресс

Нидерландтық бапкерді жаңа клубта біраз шаруа күтіп тұр. Себебі «Барселона» 2019/20 маусымда бірде-бір трофейге қол жеткізген жоқ.

«Барселона» Рональд Куманның клубтың бас бапкері атанғанын ресми түрде растады.  

«Қош келдіңіз, Рональд Куман», – делінген твиттердегі жазбада.

Каталон командасы жаңа спорттық директорды да таныстырды. Бұған дейін Эрик Абидаль атқарып келген қызмет енді Рамон Планеске жүктеліп отыр.

Чемпиондар лигасында «Барселона» «Бавариядан» оңбай ұтылып, осыдан соң басшылық Кикені қызметінен кетіретінін аңғартқан. Көп ұзамай бұл орынға нидерландтық бапкер келетіні де белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы