426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық ауыр атлеттер Өзбекстандағы онлайн турнирге қатысады

  • 210
  • UPD: 17:53, 25.08.2020
Қазақстандық ауыр атлеттер Өзбекстандағы онлайн турнирге қатысады

27-30 тамыз күндері Өзбекстан тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай ауыр атлетикадан халықаралық онлайн кубоктік дода өтеді.

Аталған сынға әлемнің үздік спортшылары қатысады, деп жазды olympic.kz.

Қазақстан атынан Зүлфия Чиншанло (55 келі) мен Ибрагим Берсанов (109+) бақ сынайды. Жарыс ережесіне сәйкес спортшылар үйінде немесе жаттығу орталығында сынға түседі. 

«Турнир онлайн форматты өтсе де, біз үшін өте маңызды жарыс саналады. Бірінші кезекте команданың рухын көтеруге әсер етеді. Өйткені, спортшылар жарыс алаңын, жарыс атмосферасын қатты сағынды. Сол себепті олар бұл бәсекеде бар күшін салады», - деді команданың бас бапкері Бақыт Ахметов.

Хабар 24 телеарнасы