420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» жаңа маусымды жеңіспен бастады

  • 163
  • UPD: 00:04, 04.09.2020
«Барыс» жаңа маусымды жеңіспен бастады

Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымының бірінші ойынында ригалық «Динамоны» жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Командалар арасындағы ойын Ригада өтті және 3:1 есебімен қазақстандық команданың пайдасына шешілді.

Юрий Михайлис шәкірттері бірінші кезеңнен бастап-ақ жеңіске үмітті екендерін дәлелдеді. Олар бірінші кезеңде жауапсыз үш шайба салды. Кертис Волк (8-минутта), Барыстың жаңа маусымдағы бірінші шайбасының авторы, Никита Михайлис (10-шы) және Даррен Диц (17-минутта) қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді. Екінші кезеңде ригалықтар құрамында ойнайтын Павел Чернов 39-минутта есепті қысқартты. Ал үшінші кезеңнің аяқталар тұсында Денис Паршин есепті 3:2-ге жеткізді. Осымен ойын аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы