424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тур де Франс» бәсекесінде келеңсіз жағдай болды

  • 231
  • UPD: 11:17, 10.09.2020
«Тур де Франс» бәсекесінде келеңсіз жағдай болды

Жарыстың кезекті күні спортшылар жаппай сүрініп, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде «Астана» мүшелері де бар. Қазақстандық клуб сапындағы Алексей Луценко мен Ион Исагирре де осы топтың арасында келе жатқан. Алғашқысы айтарлықтай жарақат алған жоқ. Ол жарысты әрі қарай жалғастыра береді. Ал испаниялық спортшының бұғанасы сынып, шұғыл ауруханаға жеткізілді. Айта кетейік, биылғы бәсекеде «Астана» спортшылары алғаш рет жарыстан шығып қалды. Ал жалпы есепте айтарлықтай өзгеріс жоқ. «Астаның» капитаны Мигель Анхель 11-кезеңнен кейін 9-сатыда тұр. Ал жалпыкомандалық есепте қазақстандық клуб 6-орында.

 

Мәскеу төріндегі жекпе-жек кеші

Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері Мәскеу төрінде айқасты. Халықаралық турнирге 7 бірдей жерлесіміз аттанған еді. Оның ішінде екеуі чемпиондық белдікке таласты. Елордалық Мұратбек Қасымбай мен жергілікті Мухаммед Эминов жартылай жеңіл салмақтағы мықтыны анықтаған. Ресейлік спортшы төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, өз белдігін сақтап қалды. Бұған қоса қазақстандық Дәурен Ермеков пен ресейлік Владимир Минеев те чемпиондық белдікті сарапқа салды. Нәтижесінде жерлесіміз жеңіліп қалды. Еесіне елордалық Сәбит Жүсіпов пен Сұлтан Жолдасбек өз кездесулерін уақытынан бұрын аяқтап, ел абыройын асқақтатты.

 

Токио олимпиадасы көрерменсіз өтуі мүмкін

Бұл жөнінде ХОК Президенті Томас Бах мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір ұйымдастыру комитеті бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр. Нақты шешім бірнеше аптадан кейін шығады. ХОК басшысы жағдай әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға және тез анықтайтын тест пен тиімді вакцинаның дайындығына тікелей байланысты екенін алға тартады.

Хабар 24 телеарнасы