424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ювентус» бір жылда 70 млн еуро шығынға ұшыраған

  • 103
«Ювентус» бір жылда 70 млн еуро шығынға ұшыраған Чемпионат

«Бьянконери» пандемия зардабын тартып отыр, деп жазады Prosports.kz.

«Ювентус» өткен маусымның қаржылылық есебін берді. Италиялық клуб футболшылардың жалақысын қысқарту арқылы 90 миллион еуро үнемдеген. Дегенмен «Ювентус» өткен маусымда 71,4 миллион шығынға батқан. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 31 миллионға көп. 

Өткен айда Италия чемпиондары Блез Матюидимен келісімшартты екі жақтың келісімімен жою арқылы 11 миллион үнемдеген. Енді «Ювентус» Гонсало Игуаинмен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғысы келеді.

Хабар 24 телеарнасы