420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мбаппе ПСЖ-дан кетуі мүмкін

  • 76
  • UPD: 14:50, 16.09.2020
Мбаппе ПСЖ-дан кетуі мүмкін

Килиан Мбаппе 2021 жылы жазда «Пари Сен-Жермен» командасынан кетуі мүмкін.

Мұндай ниеті барын ойыншы клуб басшылығына ескерткен, деп хабарлады Eurosport The Sun басылымына сілтеме жасап.

Осыған байланысты ПСЖ 21 жастағы футболшының трансферінен 325 миллион еуро пайда көрмек, алайда бұл ең мықты клубтар үшін де тым үлкен сомма. Ал 2022 жылы Мбаппе мүлде еркін агент ретінде кете алады.

Мадридтік «Реал» форвард үшін 100 миллион ғана беруге дайын.

Жыл басында CIES Football Observatory зерттеу орталығы ең қымбат футблшылардың жаңартылған рейтингін жариялаған еді. Онда Мбаппе 265,2 миллион еуроға бағаланып, тізімде бірінші болған. Ал Transfermarkt футболшының қазіргі құнын 180 миллион еуро деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы