Қазақстанның бірінші ракеткасы бұл жолы белгиялық Греетье Минненге қарсы ойнайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ал Зарина Америка спортшысы Кристина Макхейлмен кездесу өткізеді деп жоспарланған.
Футбол: «Ювентус» жеңіске жетті
Футболдан Италия чемпионатының бірінші туры аясында өткен «Ювентус» «Сампдория» матчы туриндіктердің жеңісімен аяқталды. 3 голды қатарынан соққан алаң иелері қарсыласына ес жинауға еш мүмкіндік бермеді. Ойынның 13-минутында «Ювентустың» жартылай қорғаушысы Деян Кулушевский командасына алғашқы ұпайды тарту етті. 79-минутта Леонардо Бонуччи ерлік жасаса, 89-минутта Криштиану Роналдудың қақпаға дәл тигізген добы «Ювентусқа» жеңіс әперді.
«Тур де Франс»: «Астана» 7-орынға тұрақтады
Францияда осымен 107-мәрте жалауы желбіреген әлемдегі ең беделді жарыстың бірі «Тур де Франс» аяқталды. Көпкүндікте қазақстандық «Astana Pro Team» командасы жалпы есепте 7-орынға табан тіреді. Соңғы айналымда ирландиялық шабандоз Сэм Беннет топ жарды. Бұл кезеңде «Астана» шабандозы Мигель Анхель Лопес мәреге 59-боп келді. Ал жалпы есепте ол 6-сатыға тұрақтады.
«Тур де Франс» турниріннің жеңімпазы болу мәртебесі биыл словениялық Тадей Погачарға бұйырды.
«Тойота» үшінші жыл қатарынан көшбасшы атанды
«Тойота» биыл да әйгілі «Ле-Ман» жарысының жеңімпазы атанды. Екінші орын «Rebellion» командасының еншісінде. Үздік үштікті «Тойотаның» екінші экипажы түйіндеді. Осылайша, жапондықтар 2-орынды қатарынан иеленді. «Тойота» 2018 жылы тәуліктік автомарафонда жеңіске жеткен еді. Команданың жоспарында 20 жыл бойы жарыс көшбасшысы атану ойы бар. Айта кетейік, 88-рет ұйымдастырылған «Ле-Ман 24 сағат» жарысын тамашалауға осы жолы көрермендер шақырылмады.