425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Манчестер Ситидің» 17 жастағы футболшысы қайтыс болды

  • 173
  • UPD: 17:40, 26.10.2020
«Манчестер Ситидің» 17 жастағы футболшысы қайтыс болды Socernews.ru

Ағылшынның «Манчестер Сити» командасы академияның бұрынғы футболшысы Джереми Уистен деген 17 жастағы футболшының қайтыс болғаны туралы хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

«Біздің отбасы академияның бұрынғы футболшысы Джереми Уистеннің қайтыс болғанын өкінішпен хабарлайды. Оның отбасы мен достарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл қиын сәтте біз сіздермен біргеміз», – делінген клуб таратқан хабарламада. 

Уистен «Манчестер Сити» академиясына 2016 жылы түсіп, U-13 командасында ойнаған.

Джереми – Малави елінің тумасы. 

Футболшының өмірден озуына байланысты команданың қорғаушысы Эмерик Лапорт пен шабуылшы Рахим Стерлинг те көңіл айтты. 

Ғаламторға тараған ақпаратқа сүйенсек, Уистен күйзеліске байланысты өз-өзіне қол жұмсаған. Бірақ бұл туралы әлі ресми ақпарат жоқ. 

Хабар 24 телеарнасы