418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жастар арасында әлем чемпионаты өтпейтін болды

  • 95
  • UPD: 13:02, 25.12.2020
Жастар арасында әлем чемпионаты өтпейтін болды

Коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылы U-17 және U-20 әлем чемпионаты өтпейді.

Турнирлер Перуде (U-17) және Индонезияда (U-20) өтуі керек еді. Бірақ федерацияның шешімі бойынша бұл елдер 2023 жылы аталған әлем чемпионаттарын қабылдайды. Бұл туралы Prosports.kz ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі U-20 әлем чемпионы – Украина ұлттық құрамасы. Ал 17 жасқа дейінгі әлем чемпионы – Бразилия құрамасы.

Бұған дейін 2021 жылдың 28 ақпанына жоспарланған Англия лигасы кубогының финалдық матчы пандемияға байланысты 25 сәуірге ауыстырылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы