385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар СҚО-дағы аурухана қызметкерлерімен кездесті

  • 390
  • UPD: 12:58, 08.02.2017

Денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру керек.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жолдауында Үкіметтің алдына осындай міндет қойды. Солтүстік Қазақстан облысына барған депутаттар Тайынша аудандық ауруханасы қызметкерлерімен кездесіп, осы мәселе төңірегінде пікір алысты. Дәрігерлер міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің мыңыздылығын да атап өтті. Жиын барысында Елбасы ұсынған конституциялық реформа да жан-жақты талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-тілектері тыңдалды.

Абай Тасболатов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Халықтың сондай белсенді қарағандарына, біздің мына заң жобаларына, мына Конституция жағына және Жолдау жағына Елбасының сондай белсенді көзқарастарын бар екеніне өзіміздің көзіміз жетті. Оған біз қуанамыз. Ал енді сұрақтары да бар екен. Орталыққа барғанда Астанада, Парламентте тиісті мекемелерге жібереміз.

Хабар 24 телеарнасы