389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанмен 15 жыл бойы әріптестік орнатқан британдық компания елде инвесторлар үшін жасалған мүмкіндіктерге риза

  • 1345
  • UPD: 07:52, 03.04.2017

Британиялық BAE Systems компаниясының инвестициялар жөніндегі басшысы Стефани Хэкфордтың пайымдауынша Елбасы Жолдауы Қазақстан экономикасына жаңа серпін береді.

Air Astana ұлттық әуе тасымалдаушысы акцияларының 49 пайызын иемденетін компания шетелдік инвесторларға жасалған мүмкіндіктерге риза.

Стефани Хикфорд, BAE Systems компаниясының инвестициялар жөніндегі басшысы:

- Президенттеріңіздің Жолдауы нығайып келе жатқан экономикаларыңыз үшін өте өзекті. Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл ішінде ел экономикасын және халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін аянбай еңбек етті. Қазақстан инвестиция құюға, сенім артуға және еңбек етуге тұрарлық ел екендігін бүкіл әлемге көрсетуге тырысып жүр. Компаниямыз елдеріңізде 15 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқанын мақтан тұтады және елдеріңізбен қарым-қатынасын ерекше қадірлейді.

Хабар 24 телеарнасы