378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Баспасөзге шолу. «Есеппен құрылған некеден есті бала тумайды»

  • 1101
  • UPD: 13:27, 06.02.2019
Баспасөзге шолу. «Есеппен құрылған некеден есті бала тумайды»

Павлодарда газ баллондарды жанармай құю бекеттерінде толтыруға тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Қостанайда апалы-сіңлілі қырық жылдан кейін бір-ақ қауышты. Және Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік жөнінде өз пікірін білдірді. Отандық бірқатар басылымда осы тақырыптарда мақалалар шыққан екен. Қазір әрбіріне жеке-жеке тоқталамын.

«Жеткізуде жөнсіздік болмасын...»

Арқаның сақылдаған сары аязы ел-жұртты дірдектетіп тұр. Осындай жолдармен мақаланың бірін бастаған «Сарыарқа самалы» газеті қаһарына мінген қақаған аязда үзбей от жағатын жеке сектордағы үйлерде қауіпсіздік шарасын қатаң сақтаған жөн дейді. «Осы күндері аномальды аязды күн райы еліміздің солтүстігінде орнығып тұрғанын тілге тиек ету керек. Осы орайда тұрғын үйлерге газ баллонды жеткізу жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп, мамандар жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр» деп жазылған Павлодар облыстық басылымында. Негізі бұл мақаланың жарыққа шығуына күні кеше Астанада бес баланы жалын жалмаған қайғылы оқиға түрткі болса керек. Материалдың авторы осыған ұқсас оқиға жыл басында Павлодарда да болғанын еске алды. «Қаңтардың біріне қараған түні көпқабатты тұрғын үйде электр сымдарының тұйықталуы салдарынан алапат өрт шығып, 66 жастағы қария мен оның 7 жастағы немересі ажал құшқан екен. Міне, осындай ауыр жағдайларды болдырмау мақсатында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қауіпсіздік шараларын күшейтуде», деп түйіндейді аймақтық газет.

«Жұртшылықтың басым көпшілігі газ баллонды жанармай құю бекеттерінде толтырады екен. Алайда соңғы уақытта сақтық үшін бұл әрекетке қатаң тыйым салынған. Аталмыш ұйым өз тұтынушыларына газды талапқа сай жеткізіп, қауіпсіздік шараларын дұрыс сақтауды үйрететінін айтады. Сондықтан заңсыз әрекетке бармай, сапалы қызметті пайдаланған абзал».

«Жас қазақ». «Есеппен құрылған некеден есті бала тумайды»

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова жасөспірімдер өзара жаға жыртысып, соңы адам өліміне апарып соқтыратын оқиғалардың өршуінің себебін түсіндірді. Халық қалаулысы осы тақырыпта «Жас қазақ» газетіне сұхбат берді. «Ол мектеп оқушылары арасындағы төбелестің көбейіп кетуіне қоғамдағы қарым-қатынас әсер етіп жатыр» деп есептейді. Егер қоғамда немесе отбасында ашу-ыза, жауыздық орын алса, бала психологиясына да ол ықпал етеді. Сондықтан ең алдымен қоғамда болып жатқан оқиғаға назар аудару керегін айтады депутат ханым. «Екіншіден, болған оқиғаны жасырмай, ашық ақпарат тарату қажет», – дейді ол. Осы орайда Түркістан облысында болған оқиғаны мысалға келтіреді. Ирина Смирнованың айтуынша, онда бір балаға бірнеше жасөспірімнің зорлық көрсеткені туралы мектеп ұжымы хабардар болса да, олар бұны жасырып ұстаған. Заң орындарына хабар бермеген. Негізінде мектептегі зорлық-зомбылық орын алса, ол туралы ақпарат жариялануы қажет. Әйтпесе мұндай жауыздық әрі қарай жалғасып, тамырын кеңге жайып кетеді.

«Егер заңға өзгеріс енгізу қажет болса, алдымен балабақшадан университетке дейінгі білім ордаларындағы барлық мамандардың болған жағдайды жасырғаны үшін жауапқа тартуды қолға алу қажет. Барлығы ашық болуы керек. Сонда ғана жағдайды өзгерте аламыз деп ойлаймын».

Телеканал Хабар 24