388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қазақстанның үш облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

  • 580
  • UPD: 11:24, 05.02.2019
Қазақстанның үш облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды АСТВ

Қардың қалың түсуі мен боранға байланысты Павлодар облысы аумағындағы республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақавтожол» ЖШС мәліметінше, бүгін сағат 10:00-ден бастап «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-266 шақырымында елорда мен Шідерті аралығында жол жабылды.

Сонымен қатар сағат 10:30-дан бастап Көкшетаумен Атбасар аралығында көліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға шектеу енгізілді.

Мұнымен қоса, «Көкшетау-Омбы» жолының 2-50 шақырымындағы Көкшетау мен Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейінгі учаске жабылды.

Бүгін таңертең Боранға байланысты Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңыздағы жолдар жабылды.

«Екатеринбург-Алматы» жолының 1007-1247 шақырымындағы Атбасар мен Астана аралығында көлік қозғалысына шектеу

Қазіргі уақытта «Астана-Петропавл» автожолындағы елорда мен Көкшетауға дейінгі учаске де жабық тұр. Көкшетау мен Петропавл аралығында да барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.

 

Телеканал Хабар 24