377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Павлодар тұрғындары Елбасының шешіміне қатысты пікір білдіріп жатыр

  • 224
  • UPD: 15:11, 20.03.2019

«Қазақстан әлемдегі елдермен терезесі тең болуы үшін талай белестерден өтті. Біз бұл жеңістерді жақсы білеміз. Мемлекетіміз бен қазақ ұлтын әлем таныды. Мұның барлығында  Қазақстанның Тұңғыш Президентінің еңбегі орасан», – дейді аймақтардағы жұртшылық.

Рымтай Шөкеев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Бүкіл қазақ елі ол кісіні, барлық үлкендер жақсы қабылдайды. 30 жыл бойы Елбасына бүкіл қазақ елі, қазақ жұрты сенді. Ол кісі қазақтың бар сенімін ақтады. Сол кісінің арқасында балалар  өсті-өнді, дамыды. Шет мемлекеттерге барып білім алды. Сол алған білімі арқылы біздің мемлекетіміздің дамуына өздерінің үлестерін қосып жатыр. Ол кісі кешегі үндеуінде бізбен бірге болатындығын айтты.

Мағжан Исахов, қала тұрғыны:

- Тұңғыш Президент еліміздің қазақ жастары үшін, болашақ үшін барлық жағдайды жасады. Себебі әрбір сөзінде, жолдауында Елбасы Қазақстанның болашағы жастар деп айтады. Біз, жастар сол жауапкершілікті мойнымызға ала отырып, Қазақстан бұдан да биік белестерге жететініне атсалысамыз. Оған толық сенімдімін.

Дінислам Әлжан, студент:

- Тұлғалар қоғам үшін, мемлекет үшін қызмет етеді. Сондықтан ғасырға татитын 28 жылдық кезеңді біз, жастар келешек ұрпақ білуіміз тиіс. Ол қандай жолмен келді, қалай болды? Елін сүйген, елі сүйген Елбасыға алғысымыз шексіз.

Сейдахан Әлібек, қала тұрғыны:

- Тәуелсіздік алғаннан кейінгі өте қиыншылық заманда Елбасымыз сол кезеңдерде билікке келіп, Қазақстанның экономикасын көтеруге қаншама еңбек сіңіргені баршамыздың көз алдымызда. Қазір әлем мойындап отыр. Назарбаев феномені деген ұғым бар. Ол шынында да керемет.

Айгүл Бидахметқызы, қала тұрғыны:

- Ең бірінші, бейбітшілігіміз мығым. Шекарамыз берік. Әлем елдерімен дипломатиялық қарым-қатынасымыз тұрақты. Елбасымыздың арқасында экономикамыз көтерілді. Бәрінен бұрын 2 үлкен дағдарыста халқымызды еш жамандық көрсетпей алып шықты деп есептеймін. Үлкен дағдарысты сезінбедік. Бұл да Елбасымыздың арқасы.

Телеканал Хабар 24