389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елордалық этномәдени орталықтар Наурыз мерекесін тойлап жатыр

  • 751
  • UPD: 09:12, 21.03.2019

Ұлыстың ұлы күнін елордадағы өзбек, татар, башқұрт этномәдени орталықтары да тойлап жатыр. Ұлық мейрамға орай ұлттық тағамдар дайындалып, дәстүрлі әуендер шырқалды.

Қазақтар мерекеде ет асса, өзбектер палау дайындайды. Олардың  дастарханын бұл тағамсыз елестету мүмкін емес. Өзбек палауы  ЮНЕСКО-ның мәдени  мұра тізіміне енгізілген. Ал Наурызда өзбек дастарханының ең басты тағамдарының бірі «Сумаляк». «Сумаляк» деген жеті әйел немесе жеті періште деген мағынаны береді және оны тек ғана әйелдер жасайды. 

Фарангиз Ахметова, өзбек этномәдени орталығының өкілі:

- Наурыз біз үшін жаңа жыл. Жаңа күн. Жас үшін үлкен мереке. Бір-бірімізге қонаққа барамыз. Жас қыздар «Сүмәләк» деген ұлттық тағамды дайындайды. Бізде ұлттық тағамды араластырған сәтте жас қыздардың айтылған тілектері орындалады деген сенім бар.

Елордада  11 мың, жалпы Қазақстанда 600 мыңдай өзбек тұрады.  Олардың саны жыл сайын артуда. Сауда саттық, білім, ғылым, өнер олар еліміздің барлық саласында белсенді еңбек етеді.

Шерзод Пулатов, өзбек этномәдени орталығының төрағасы:

-  Қазақстан өзбектері – осы елде тұратын байырғы этнос. Олар екі ел арасындағы достық қарым қатынасты қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді. Екі мемлекетті байланыстыратын көпір іспеттес.  Қазақстанның әр қаласында тек өзбектерге ғана емес, өзге ұлттарға да  тілі мен мәдениетін сақсауға барлық жағдай жасалған. 

Ал татар халқының  ежелден қалыптасқан дәстүрі бойынша Наурызда ауыл тұрғындары көшені аралап, әр үйден бір-бір дәмнен жинаған. Кейін үлкен қазанға «қорға» деген ботқасын пісірген. Жаңа жылда бүтін ел тоқ болсын деген ниетпен Наурызды осылайша  қарсы алған. Атадан-балаға берілген дәстүр бүгін де жалғасын тапты. 

Гүлнәзира Сәдуақасова, татар-башқұрт орталығының көркемдік жетекшісі:

- Міне бұл оталайынды «қарға ботқасы». Аударма Біз Наурыз мейрамына орай татарлардың ұлттық тағамын дайындадық. Бұл «қорға» ботқасы.  Қазақстардың көжесі жеті түрлі дәннен болса, мұнда да солай. Бірақ көжеде сорпасы көп болады. Ал біздің ботқада сорпа жоқ. Оған тары, қарақұмық, арпа, күріш, май, тұз, су қосылады.

Ғалия Рахматулина, атар-башқұрт орталығының өкілі:

- Наурыз мерекесі ол жаңа жыл ғана емес.  Табиғаттың түлеуі, жаңаруы. Сол мерекемен бүкіл Қзақстанның мұсылман халқын құттықтаймын. Құшақ толған гүл болсын.  Ықылас болсын. Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін.  Салып жатқан Қазақстанның шаңырағы биік болсын. Сол шаңырақтың астында бейбітшілік, келісім, достық мәңгі жасасын.

Ғасырлар бойы қалыптасқан Ұлыстың ұлы күні көп ұлтты қазақ елінде ерекше тойланады.  Оны ерек қылатын да осы, ата салтын, мәдениетін сақтап қалған этностар. Бұл күні қазақтың еті, өзбектің палауы мен татардың бәліші бір дастарханнан табылады. Себебі Наурыз түркі халқы үшін бірліктің, татулықтың, ізгіліктің нышаны.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Аят Дүйсенбаев

Телеканал Хабар 24