389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Наурыз мерекесінде Қожа-Ахмет Яссауи кесенесінің маңына киіз үй тігілді

  • 900
  • UPD: 13:33, 21.03.2019

Түркістан облысының жұртшылығы биыл алғаш рет Ұлыстың ұлы күнін Қожа Ахмет Ясcауи кесенесі маңына ақшаңқан киіз үйлер тігіп, ерекше сән-салтанатпен қарсы алуда.

Өңірдегі 16 ауданынан келген қонақтар мен өнерпаздар Түркістан аспанын әнге бөлеп, мерекенің көрігін қыздырып жатыр.

Жандос, өңірдегі наурыз тойын өзге ұлт өкілдері қалай тойлап жатыр?

Жандос Жұмабек, тілші:

- Рахмет, Марал! Армысыздар ардақты ағайын! Ұлтымыздың асыға күтетін Ұлыстың ұлы күні - әз наурыз мерекесі құтты болсын. Киелі өңірдің халқы бүгін таңмен таласа тұрып, мерекелік шаралар өтіп жатқан орталығындағы Есімхан алаңына, одан кейін осы біз тұрғын кесене маңындағы этноауылға ағылуда.

Өйткені бүгін күн ашық, ауа райы да тамылжып тұр. Табиғат ана да ерекше нұрын төгіп, көктем мерекесінің шырайын кіргізуде. Мерекелік шара жыл басының басталуын көрсететін «Наурыз-думан» театрландырылған  қойылымымен басталды. Одан кейін Түркі халықтарының «Наурыз» керуені орталық көше бойымен жүріп өтіп, этноауылға келеді. Сән-салтанаты жарасқан, сал-серілерден құралған керуен халыққа наурыз мерекесінің келгенін паш етеді. Жалпы мерекелік думанға өңірімізге танымал өнерпаздар мен  студенттер жастар және мектеп оқушыларынан құралған жалпы саны 1 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ этноауылдағы киіз үйлерде ұлттық тағамдардан дастарқан жайылып, жұртшылыққа ұсынылуда. Айта кетейін, бүгін 1500 литр наурыз көже халыққа тегін таратылады.

Жандос Жұмабек, тілші:

-Наурыз - бүкіл шығыс халықтарына ортақ мереке болғандықтан Түркістан өңірде тұратын түрлі түркі халықтарының бәрі бүгін осында жиналған. Олардың барлығы өздерінің ұлттық киімдерін киіп, ұлттық тағамдарын әзірлеп әкелді. Қазір менің қасымда Иран этномәдени орталығының өкілі, бәленше-түгенше тұр. Жалпы ирандықтар көктем мерекесін қалай қарсы алады?

Мухаббат Ибрагимова, өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі:

- Марал, бүгінгі «Қош келдің, Әз Наурыз» мерекелік шарасы мына қаз-қатар тігілген ақшаңқан киіз үлердің алдында ұлттық ойындармен жалғасады. Яғни палуандар күресіп, қошқар көтерсе, балалар арқан тартысып, асық атады.

Одан бөлек қолөнер шеберлері жасаған түрлі ұлттық бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылады. Айта кетейік, Түркістан облысында көктем мерекесі 14 наурыздан басталды.Әр күнге әр түрлі ат беріліп, мағыналы әрі мазмұнды іс-шаралар мен жалпы халықтық серуендер өтті. Көшеттер отырғызылып, қаланы көркейту жұмыстары жанданды. Ұлттық киім мен дәстүрлі ән-күйлеріміз кеңінен насихатталды.

Телеканал Хабар 24