379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Шымкенттіктер тегін дәріні емхананың өзінен алатын болды

  • 141
  • UPD: 18:02, 27.03.2019

Бұл үшін қаладағы 13 мемлекеттік емхана ішінен  дәріхана ашылды. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін дәріханалар қызметіне  диспансерлік есепте тұратын азаматтар жүгінетін болады. Сондай-ақ медициналық ұйымдарда  зертханалық сынамалардың нәтижесін  енді смартфон арқылы көруге болады. 

Дастан Күлтенов бір жылдан бері қан қысымымен №7 емханада есепте тұр. Сондықтанда да оған тегін дәрі-дәрмек міндетті түрде беріледі. Үш ай сайын қажетті дәрісіне келетін ол,  бұл жолы өзгешілік бар екендігін байқапты. Қызмет сапасы да жақсы дейді қала тұрғыны.

Дастан Күлтенов, қала тұрғыны:

- Тегін дәрі. Тіркеуде тұрам. Қыздарымыз жақсы дәрі беріп, жылдам жұмыс істеп жатыр ғой обалы не керек. Уақытысында өздері звандайды. Ата дәрі келді деп. Келдім. Алдымда екі ақ адам тұр екен. Үшінші болып алдым.

Науқастар бұрындары қажетті препаратты  «СК Фармация» қандай жекеменшік дәріханамен келісім-шартқа отырса, сол жерден алатын. Қазір дәрі-дәрмектер  тікелей емхана дәріханасына келеді. Мұның тиімділігі - диспансерлік есепке тұрған азаматтар дәрігердің қабылдауында болып, емдік рецепті берілгеннен кейін  бірден керегін алып кетеді, – дейді №7 емхананың бас дәрігері Айман Оспанова.

Айман Оспанова, №7 қалалық емхананың бас дәрігері:

- Дәрігердің қабылдауында болып, қолына жазған рецепті алады да біздің емхананың қабырғасынан шықпай өзіміздің дәріханадан дәрілерді алып кетеді. Өзімізге де ыңғайлы. Медицина қызметкерлеріне. Өйткені біз күнделікті жұмыстан кейін қалдық дәрі-дәрмектерді есептеп оны мониторинг жасап біз ватсап арқылы дәрігерлерге жіберіп отырамыз.

Мәтін: Дәл қазіргі кезде көбіне медициналық ұйымдарда  жүрек ақауымен есепте тұратын пациенттер дәрілік заттарын тегін алуда. Тағы бір жаңалық қаладағы емханаларда дәрігерлердің жүктемісі азайыпты. Оған себеп  60-қа жуық жаңа учаскелік бекет ашылған.  Сондай-ақ Шымкентте смартфондық ақпараттық жүйеге күні бүгінге дейін 154 609 азамат тіркеліпті. Енді олар мобильдік қосымша арқылы  зертханалық сынама яғни лабораториялық анализдердің қорытындысын әп сәтте біле алады.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Телеканал Хабар 24