376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Оралда еңбек қауіпсіздігі басты назарда

  • 130
  • UPD: 15:15, 29.03.2019
Оралда еңбек қауіпсіздігі басты назарда

Батыс Қазақстан облысында жұмыс беруші мекеме-ұйымдарға кемшіліктерді жою жөнінде 31 ұсыныс жолданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр аймақта 56 адам өндірістік жарақат алып, 7 адам ажал құшқан. Жыл басынан бері осындай 14 оқиға тіркеліпті. 2 адам оқиға орнында көз жұмды. Оқыс жағдайлардың дені жұмыс берушілердің кінәсінен болғаны толық дәлелденген. Жаза басып, мертігіп жататындардың көбі құрылыс саласында еңбек ететіндер. «Бұған көп жағдайда жұмысшылардың бейқамдығы, өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауы және адамдардың техникалық қауіпсіздік ережелерін елемеуі немесе мүлде білмеуі себеп болады», – дейді мамандар.

Айта кету керек, осы саладағы олқылықтардың алдын алу мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы жылды «Еңбекті қорғау жылы» деп жариялап отыр.  

Ерлан Тасқалиев, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:  

- Еңбек қорғау жылында түрлі іс-шаралар, жоспарлар белгіленіп отыр. Сонымен қатар осы еңбек қорғау жылы аясында түрлі конкурстар ұйымдастырылады. Оның ішінде ең үздік еңбек қауіпсіздігі бойынша үздік маман, яғни еңбек инженері. Сонымен қатар ең үздік еңбек қызметі және ең жас техникалық инспектор.

Телеканал Хабар 24