377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қарағандыда 200-ге жуық отбасы тиісті баспанаға 2 жыл бойы қолы жеткізе алмай жүр

  • 112
  • UPD: 12:21, 08.04.2019
Қарағандыда 200-ге жуық отбасы тиісті баспанаға 2 жыл бойы қолы жеткізе алмай жүр

Қарағандыдағы 200-ге жуық отбасы екі жылдан бері тиісті баспаналарына қол жеткізе алмай келеді.

Олар қоныс тойын 2017 жылы тойлау керек болатын, алайда үй құрылысы тоқтап қалған. Ашынған жұрт бүгін құрылыс алаңына жиналып, жергілікті биліктен жауап талап етті. Қаланың қақ ортасындағы Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан бұл көп қабатты үйдің 3 подъезі қожайындарына әлдеқашан тапсырылған. Қалған екі подъезі бітпей қалыпты. Себебі мердігер жұмысты жарты жолда тастап кеткен. Қазір жауапсыз компанияның әрекеті сотта қаралып жатыр. Ал жергілікті билік үй құрылысын аяқтау үшін өзге компаниялармен келіссөз жүргізуде. Сәуір айының соңына дейін алғашқы блогін, ал қалғанын келесі жылы тапсырамыз деп отыр. Бірақ тұрғындар бұл уәдеге күмәнмен қарайды. Оның үстіне әркім келіп бір салған үйде сапа да болмайды деп налиды олар.

Анар Кішкентаева, қала тұрғыны:

- Жауапты тұлғалардан дұрыстап, нақты жауабын алсақ дейміз. Өйткені бірнеше рет акиматқа жаздым хат ретінде, банкке жаздым. Банктегілер міне, хат алдық, бірер күнде тапсырады деп айтады, бірінші жартыжылдықта, екінші жартыжылдықта деп айтады. Бірақ ештеңе жоқ. Көрдік, түкте жоқ ішінде, осыдан екі жыл бұрыңғы жағдай, әлі сол қалпы.  

Рашид Төлебаев,  қалалық құрылыс бөлімі басшысының м.а.:

- Біз қаладағы бірнеше құрылыс компаниясынан көмек сұрап, хат жаздық. Көпшілігі біздің өтінішімізге құлақ асып, құрылысты аяқтауға қолұшын беретіндерін айтты. Кейбірі құрылыс материалымен әкеліп берсе, енді бірі жұмыс күшімен қамтамасыз етті. Ең бастысы, бұл көмек ақысыз, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде жүзеге асуда.

Телеканал Хабар 24