389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елордада 1,5 мыңнан астам ағаш отырғызылады

  • 589
  • UPD: 11:26, 17.04.2019
Елордада 1,5 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Нұр-Сұлтан қаласында 20 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Біз – таза астана үшін» жалпықалалық сенбіліктері өтеді.

2019 жылдың 26 наурызы мен 26 мамыры аралығында қала аумағын санитарлық тазарту, көріктендіру мен көгалдандыру бойынша «Нұр-Сұлтан - таза және қауіпсіз қала» жалпықалалық акциясы, сондай-ақ 20 сәуір мен 11 мамырда «Біз таза астана үшін» жалпықалалық сенбіліктері өтеді.

Ал 20 сәуірде қалалық және республикалық органдар мен ұйымдардың қатысуымен 1665 бірлік көлемінде жаппай ағаштар отырғызу жоспарлануда.

Сондай-ақ көгалдарды тазарту, ағаштарды ағартып әктеу және қоқыстарды рұқсатсыз төгетін жерлерді жою жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа 20 сәуірде жалпықалалық сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар 26 ​​наурыздан бастап қазіргі таңда қаланың «Нұр-Сұлтан - таза және қауіпсіз қала» жалпықалалық акциясын өткізу кезеңінде ұйымдар, ПИК және коммуналдық қызметтер 1299,15 тонна қалдықты жинап шығарды.

Елорда Инфо

Телеканал Хабар 24