378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


БҚО-дағы ҮЕҰ өкілдері президенттік сайлау туралы шешімді қолдайды

  • 203
  • UPD: 22:45, 21.04.2019
БҚО-дағы ҮЕҰ өкілдері президенттік сайлау туралы шешімді қолдайды

Батыс қазақстандық Үкіметтік емес ұйым өкілдері алдағы сайлаудың өз деңгейінде өтуіне атсалысады.

Қоғамдық ұйым өкілдері бұл саяси доданың маңызы зор деседі. Ең бірінші кезекте оның астарында ұлттық мүдде тұр. Сондықтан кезектен тыс сайлаудың өз деңгейінде өтуіне баршамыз атсалысуымыз керек дейді олар. 

Айболат Құрымбаев,  ғылыми зерттеулерді қолдау қорының директоры:

- Өзіміз қатысамыз  толықтай өз ойымызды, таңдаған адамымызға дауыс береміз. Енді бұл сайлаудың өтуінің өзі қоғамның, жалпы мемлекеттің жаңа сатыға көтерілуі, жаңа белеске тұрған, жаңа мақсатта тұрғанының негізгі белгісі. Енді өз жағымыздан ҮЕҰ-дар осы сайлаудың демократиялық түрде әділетті өтуіне өз үлесімізді қосамыз деген ойдамыз.

Телеканал Хабар 24